Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ндар (тіршілік толқыны), кедіргілер (изоляциялар географиялық, экологиялық, генетикалық).
Географиялық түр түзілу – популяцияда географиялық изоляция әсерімен жаңа түрлердің жасалуы, ареалдың кеңеюі немесе бөлшектенуі арқылы.
Экологиялық түр түзілу – белгілі бір түрдің ареалы ішінде популяция дараларының жаңа тіршілік ортасын игеруі арқылы түзілген жаңа түрлер.
Элементарлы эволюциялық құбылыс – популяция генофондының ұзаққа бағытталған өзгерісі.
Генофонд – популяцияда белгілі жиілікпен кездесетін гендердің жиынтығы.
Органикалық бейімделушілік – сұрыптаудың әсерімен қалыптасқан түрлердің бейімделу қасиеті, ол салыстырмалы сипатта болады, түрдің ұзақ уақыт тіршілік еткен орта жағдайлары өзгермеген жағдайда ғана түр даралары үшін пайдалы болады.
Түрлердің көптүрлілігі – ұзақ уақытқа созылған тарихи дамудың немесе эволюцияның нәтижесінде түрлердің біреулерінің өлімге ұшырауы, екінші біреулерінің тіршілік жағдайларына бейімделіп өзгермеуі, үшіншілерінің ағзалардың құрылысы күрделенген жоғары топтарына бас болуы (яғни олардан күрделі құрылысты жоғары деңгейдегі ағзалардың шығуы).
Ағзалар құрылысының бірте-бірте күрделенуі – эволюция процесі барысында табиғи сұрыпталудың шығармашылық ролінің әсері арқылы тірі ағзалардың құрылыс деңгейлерінің күрделеніп прогрессивті бағытта өзгеруі.
1 лекция - Дарвинге дейінгі кезеңдегі тірі табиғаттың дамуы жайлы ұғымдар
Дәрістің мақсаты: Эволюциялық ілім пәні мен алдына қойған мақсаттарымен ХҮІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында эволюциялық көзқарастарының дамуы. Ж:Б. Ламарктың ілімімен таныстыру.
Сұрақтар:
Эволюция анықтамасы. Курстың негізгі мақсаттары. Эволюциялық ілімнің мәні және оның методологиялық маңызы.
Эволюциялық идеялардың даму тарихы. Көне заман ойшылдары тіршілік

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: