р отрядқа, отрядтар класқа біріктірілді.
Линней түрді латын тілінде қос атпен атауды (бинарлық номенклатура) ғылымға енгізді, оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды. Бірінші сөз түрдің туысының аты, екінші сөз түрдің аты.
Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа, ал жануарларды тыныс алу, қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. Жануарлар кластарына: сүткоректілер, құстар, сұмпайылар (гадтар), балықтар, бунақденелілер және құрттарды жатқызды. Бастапқы 4 класс омыртқалы жануарлар, ақырғы екі класы - омыртқасыз жануарлар. Ол топтастырған 4 200 жануарлар түрлерінің 400 ғана омыртқасыздар болып шықты. Ең соңғы құрттар класына Линней қарапайымдыларды, тікентерілерді, тіпті дөңгелекауыздыларды да еңгізді.
Линнейдің құрастырған бұл жүйесі жасанды деп аталды, өйткені бұл жүйе түрлер арасындағы туыстықты емес, тек сыртқы белгілері бойынша ұқсастықты ғана көрсететін жүйе болды.
Линней түр өзгермейді деп есептеп табиғат туралы метафизикалық көзқараста бола отырып, адамның жануарлар дүниесіндегі орнын дәл тауып, оны адам тәрізді маймылдармен бір отрядқа орналастырды, түрлерді латынша қосарынан атауды еңгізді (бинарлық номенклатура ғылымда осы уақытқа дейін қолданылады).
Тірі табиғатты жүйелеуде жіберген бір қатар кемшіліктеріне қарамастан Линней еңбектері систематиканың ары қарай дамуына жол ашты.
XIX ғасырдың басында алғашқы эволюциялық теорияның негізін қалаушы француз ғалымы Ж. Б. Ламарк болды. 1809 жылы басылып шыққан Зоология философиясы атты еңбегінде ол түрлер тұрақты деген пікірге қарсы болып, түрлердің өзгеретіндігін, бірақ бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау қиын екенін түсіндірді. Оның ілімі тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай тарихи
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>