ектілер класына, приматтар отрядына, адамдар тұқымдасына, адам туысына, саналы адам түріне жатады.
Эмбриогенез яғни ұрықтық даму кезінде адамдарда желілілер типіның келесідей белгілері байқалады:
хорданың дамуы (тірек ретінде)
хорда үстінде орналасқан жүйке түтігінің дамуы
хорда астында ішек түтігінің орналасып, оның алдыңғы бөлімі жұтқыншақтың екі бүйірінде желбезек саңылауларының болуы
дененің құрсақ немсе бауыр жағында орналасқан жүректің дамуы.
Омыртқалы тип тармағының адамдардағы белгілері: ми сауыты мен омыртқа жотасының болуы.
Адамдардағы сүткоректілерге тән белгілер:
Тері бездерінің дамуы (май, сүт, тер бездері)
Дене сыртын жауып тұратын түк жабыны
Тістердің жіктелуі (күрек тіс, ит тіс, азу тіс түрінде)
Төрт бөлімнен тұратын жүрек және қолқаның сол жақ доғасының қалыптасуы
Көкірек қуысы мен құрсақ қуысын бөліп тұратын көк ет немесе диафрагманың дамуы
Ұрықтың жатыр ішінде дамуы
Приматтар отрядының адамдарға тән белгілері:
Бас миының өте үлкен көлемі, әсіресе алдыңғы ми сыңарларының қыртысының жақсы дамуы
Бинокулярлы көру мүшесі
Қан топтарының ұқсастығы (яғни ІҮ қан топтарының болуы)
Үлкен саусақтың басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасуы нәтижесінде, алдыңғы аяқтың қамтуға икемделуі
Омыртқа жотасының құйымшақ бөлімінің жойылуы
Саусақтарда, алақанда, табанда, папиллярлы өрнектердің болуы
Жатырдағы ұрықтың даму ұзақтығы тоғыз айға жуық
Кариотиптердің ұқсастығы
Ортақ аурулар тән (тымаусүзек, шешек, тырысқақ, іш сүзегі т. б. )
Екінші сигналдық жүйе адам мен жануарлардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің сапалық айырмашылығын құрайды. Жануарлар қоршаған әлемнен сигналдарды немесе хабарларды сезім мүшелерінің тікелей тітіркенуі арқылы қабылдайды – бұл бірінші сигналдық
Страницы: << < 44 | 45 | 46 | 47 | 48 > >>