жарыққа шыққан табиғат жүйесі деген еңбегінде адамды сүткоректілер класының приматтар отрядына шала маймылдар және маймылдармен бір топқа жатқызды. Бұл ғылыми тұрғыдан әрі дұрыс, әрі орынды жүйе болатын.
Ж. Б. Ламарк адамның ағаштарға өрмелеуден, жерге жүруге ауысқан маймыл тәрізді ататектен шығуын және маймылдар мен адамдар арасында өтпелі аралық форма болуы мүмкін деген батыл болжам айтқан. Денені тік ұстап жүруге байланысты қолдың босап, оның еңбек құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Топтанып тіршілік ету салдарынан бірте-бірте сөздің дамуына жағдай жасалды.
Ч. Дарвин 1871 жылы щыққан Адамның шығу тегі және жыныстың сұрыпталу деген еңбегінде адамның тіршіліктің тарихи даму тізбегіндегі ең соңғы, әрі жоғары сатыдағы буын екенін және адам тәрізді маймылдармен арғы ата тегінің бір тармақтан таралғанын сенімді түрде дәлелдеп берді. Ч. Дарвин салыстырмалы анатомиялық, эмбриологиялық систематикалық дәлелдемелерге сүйене отырып, адам жануарлармен өте ұқсас деген қорытындыға келді. Ол сонымен бірге адамның тарихи дамуында әлеуметтік әсердің маңызды орын алатынын атап көрсетті. Бұл мәселенің сыры Ф. Энгельс Маймылдың адамға айналу барысындағы еңбектің ролі (1896) еңбегінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Ол адамды адам еткен еңбек деген қорытынды жасады. Бірақ ол кезеңде адамның ата тегінің сүйек қалдықтары және олар пайдаланған еңбек құралдары туралы деректер өте мардымсыз еді. Кейінгі кезде олардың сүйек қалдықтары мен еңбек құралдарының көптеп табылуы Энгельс теориясының әділеттілігін өте жақсы дәлелдеп берді.
Адамның шығу тегін, дамуын және кәзіргі кезге дейін қалыптасуын зерттейтін биологияның бір саласы антропология (грекше антропос – адам) деп аталады.
Қазіргі систематикадағы жүйелеу бойынша, адам желілілер типіна, омыртқалылар типтармағына, сүткор
Страницы: << < 43 | 44 | 45 | 46 | 47 > >>