ы.
7. Дискреттілік – тірі дене көптеген құрамдас бөлшектердің жиынтығы.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы мәселе – биологиядағы ең бір күрделі мәселе. Тіршіліктің пайда болуы туралы ерте заманның бастап кәзіргі кезге дейінгі шексіз көп жорамалдар, пікірлер айтылып келеді. Бұл жорамалдар бір-біріне қарама-қарсы келетін бірқатар теориялардың шығуына себеп болды.
Креационизм теориясы бойынша жер бетіндегі тіршілікті аса құдыретті ерекше күш жаратты деп есептеді. Идеалистік ұғымның өкілдері бұл теорияны қолдап, биологияға идеалистік ұғымның енуіне жол ашты.
А. И. Опариннің зерттеу жұмыстары коацерват тамшыларының айналасындағы ерітіндіден әртүрлі заттарды өзіне сіңіріп алуға бейім екенін дәлелдеп берді.
Тірі ағзалар – ашық жүйе, өйткені сырттан келген энергияны пайдаланады. Энергияны пайдалану тәсіліне қарай осы күнге ағзалар екі топқа бөлінеді: күн энергиясын пайдалана алатын (жасыл өсіімдіктер) автотрофтылар және органикалық заттар ыдырағанда босап шығатын энергияны пайдаланатын (жануарлар және жасыл емес өсімдіктер) гетеротрофтылар.
Тіршіліктің пайда болу жолындағы аса бір ірі келесі қадам – ағзалардың бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуге көшуі.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Алғашқы жердің атмосферасында қандай химиялық элементтер мен олардың қосындылары болды?
Органикалық заттардың абиогенді жолмен түзілуіне қандай жағдайлар қажет?
Органикалық заттардың абиогенді жолмен синтезделуін қандай тәжірибелер дәлелдейді?
Алғашқы мұхит суларында қандай қосындылар ертінді түрінде болды
Коацерваттар дегеніміз не?
Жер тарихының алғашқы кезеңдеріндегі химиялық эволюцияның мәні неде?
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы А. И. Опариннің теориясына сипаттама беру.
Биологиялық эволюци
Страницы: << < 35 | 36 | 37 | 38 | 39 > >>