Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  37 | 38 | 39 | 40 | 41  >  >>

втотрофты әдіспен коректенуші жасыл өсімдіктер, дайын органикалық заттар мен коректенетін – гетеротрофтылар немесе жануарлар.
3) Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болды, сөйтіп гендердің алмасуы, комбинативтік өзгергіштіктің жүруі, табиғи сұрыпталу әрекетінің мүмкіндігі күшейе түсті.
4) Көпжасушалықтың түзілуіне байланысты ағзалардың құрылысы күрделенеді, ортаның жағдайларына бейімделушіліктер қалыптасты.
Протеразой заманы. Ең ұзаққа созылған (2 600 млн. жыл) бұл заманда алғашқы тау тұзілу әрекеті жүре бастады. Тіршілік аса күшті қарқынмен дамып, прокариоттардан эукариоттар, бір жасушалылардан көпжасушалылар пайда болды.
Протерозой заманындағы органикалық дүниенің дамуына ықпалын тигізген ароморфоздар келесідей:
Жануарларда екі жақтылық симметрия (билатеральды) қалыптасып, соның нәтижесінде қорғаныш қызметін атқаратын дененің арқа жағы, коректену мен қозғалуға икемді бауыр жағы, сол сияқты алдыңғы және артқы бөліктері ажыратылды. Алдыңғы бөлікте сезім мүшелері жүйке түйіндері орналасты.
Ең жоғары сатылы жануарлар – желілілер типінің алғашқы өкілдері шықты (қандауырша). Оларда энтодермадан түзілген желі бұлшықеттерге тірек қезметін атқарды. Түтік тәрізденген желі үстінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы тіршілік әрекеттерінің біршама қарқынды жүруіне әсер етті.
Желбезек түрінде тыныс алу мүшелері қалыптасты.
Палеозой заманы. Бұл ертедегі тіршілік заманы. Жасы – 570 млн. Жыл. Бұл заман 6 кезеңге бөлінеді: Кембрий, Ордовик, Силур, Девон, Карбон (тас көмір) және Пермь.
Кембрий. Қоңыржай климаты бар бұл кезеңде тіршілік негізінен суда болды. Құрлықта тек бактериялар мен көк-жасыл балдырлар тіршілік етті. Бұл дәуірдің орта шенінде тау түзілу әрекетінің қауырт жүруіне байланысты құрлықтың көп бөлігі су астын

Страницы: <<  <  37 | 38 | 39 | 40 | 41  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: