Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  34 | 35 | 36 | 37 | 38  >  >>

/>Дивергенция кезінде қандай мүшелер дамиды?
Онтогенез және филогенезге анықтама беріңіздер.
Биогенетикалық заңға анықтама беріңіздер, ол заңды толықтырушы қандай ғалым?
Биогенетикалық заңның органикалық дүние дамуындағы маңызы қандай?
Палеонтологиялық қандай аралық формалар мен филогенетикалық қатарлар бар?
Палеонтологиялық деректердің органикалық дүние дамуындағы маңызы қандай?
Биогеография нені зерттейді?
Эмбриондардың дамуындағы бастапқы ұқсастықты қалай түсінуге болады?
10 лекция - Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы
Дәрістің мақсаты: Тіршіліктің жер бетінде пайда болуының кезеңдерімен, тіршілік формаларының химиялық эволюциясымен, коацерваттық гипотезамен, протобионттардың пайда болуымен, өсімдіктер мен жануарлар эволюциясының негізгі кезеңдерімен таныстыру.
Сұрақтар:
Тіршілік ұғымына түсініктеме
А. И. Опариннің ілімі
Тіршілікке анықтама беру өте қиын, сондықтан да тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттерді атап көрсету дұрыс жол болып табылады.
1. Ағза көбею барысында өзіне ұқсас ұрпақ қалдырады яғни өзін-өзі ұдайы өндіруге қабілетті. Ағзаның бұл қасиеті тұқым қуалаушылықпен тығыз байланысты.
2. Тұқым қуалаушылық – ағзалардың өз белгілері мен қасиеттерін, көбею ерекшеліктерін ұрпақтан-ұрпаққа беруі.
3. Өзгергіштік – ағзаның жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы.
4. Ағзаның өсу мен дамуға қабілеттілігі. Бұл әрекеттердің нәтижесінде ағза құрамы мен құрылымы күрделі де сапалы өзгерістерге ұшырайды.
5. Тітіркенгіштік – ағза айналасындағы орта әсеріне түрліше жауап бере алады (таксис, тропизм және рефлекс).
6. Өзін-өзі реттеуге қабілеттілігі. Кез келген ағза сыртқы ортадағы алуан түрлі өзгерістерге қарамастан денесінің химиялық құрамы мен физикалық әрекеттер жиынтығын тұрақты сақтай алад

Страницы: <<  <  34 | 35 | 36 | 37 | 38  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: