күресте мұндай ағзалар жеңіп шығып, соның нәтижесінде даралар саны артады, өмір сүру ортасын немесе ареалын кеңейтеді, жаңа ортаны игереді.
Кәзіргі кезде биологиялық прогресс жағдайында тұрған ағзалар қатарына жабық тұқымды өсімдіктер, жұмырқұрттар, бунақденелілер, сүйекті балықтар, құстар және сүткоректілер жатады.
Биологиялық прогреспен қатар табиғатта биологиялық регрессте жүріп жатады. Биологиялық регресс кезінде даралар санының кемуі, ареалдың тарылуы және түрдің жойылуы байқалады. Соңғы мәліметтер бойынша өсімдіктер әлемінде қырықбуындар мен шаңжапырақтардың, ал жануарлардан адамның іс-әрекетіне байланысты суыр, теңіз мысығынын биологиялық регресі жүруде.
Ароморфоз. Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейі мен атқаратын қызметін күрделендіре түсетін, тіршілік қабылетін арттыратын жалпы маңызы бар бейімділіктерді А. Н. Северцев морфофизиологиялық прогресс немесе ароморфоз деп атады. Ароморфоз - тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде, ұзақ уақыт аралығын қамти жүретін әрекет. Ароморфоз үнемі биологиялық прогресске әкеледі. Мысалы, омыртқалы жануарлардың дамуындағы ірі аромофоз қан айналу мүшелер жүйесінің эволюциясы болып табылады.
Эволюция әрекетінде ароморфоздар сирек болады, бірақ үнемі жоғары деңгейлі құрылыстары күрделенген формалардың пайда болуына әкеледі. Ары қарай эволюция әрекеті идиоадаптация кейде дегенерация бағытымен жүріп, ағзаларға жаңа экологиялық орталарды меңгеруге жол ашады.
Идиоадаптация. Идиоадаптация дегеніміз мекен ету ортасының белгілі бір жағдайларына бейімделуді қамтамасыз ететін азадаған эволюциялық өзгерістер болып саналады. Идиоадаптацияның ароморфоздан айырмашылығы, бұл өзгеріс кезінде ағзалардың құрылым деңгейінің күрделенуі, тіршілік әрекеттері қарқындылығының а
Страницы: << < 27 | 28 | 29 | 30 | 31 > >>