дары мен араластырады да тұздық ағып кетпес үшін шикі жұмыртқа қосады.
Котлет массасы. Ол үшін күрке тауық,шіл,бұлдырық,құр,саңырау құр және тауқұдірет пайдаланылады. Үй құсы денесінен сүбе жұмсағы мен аяғы,ал жабайы құстардан тек сүбесі пайдалынылады. Ет жұмсағын суектен және теріден ажыратады да іш майы мен бірге еттартқыштан өткізеді. Сүтте ылғалданған қабықсыз нан,тұз қосып жақсылап араластырады. Тағыда еттартқыштан өткізедіде жаныштайды. Жабайы құстардан дайындалған котлет массасына бұрыш ұнтағын қосуға болады.
Котлет пен биточкалар дайындау үшін котлет массасын сыбағалайды. Ақ аунатпада аунатады да котлет пен биточка формасын береді. Егер биточканы буда пісіруге дайындаса,онда аунатпада аунатпайды.
Пожарлық котлет үшін котлет массасын 3-4 данадан келетіндей етіп әр сыбағаға өрнектеп бөлшектейді де аунатпада аунатады. Өрнекті бөлшектерге ұсақ текшеше не сабанша және жұмыртқа тәрізді жалпақша форма беруге болады.
Үзбе массалар. Тазартылған тауық не жабайы құстың сүзбе жұмсағын ұсақ торкөзді еттартқыштан 2-3 рет өткізеді де кілегейде не сүтте ылғалдатылған қатты қабықсыз бидай нанын не қабатты өамырды өосып араластырады да еттартқыштан өткізеді. Содан соң оны келіде үгеді,одан әрі қарай електен өткізеді. Үгітілген массаны салқындатады. Жайлап жұмыртқа беолгын қосып отырып,көпіршіктендіреді. Көпіршіктендіру кезңнде жайлап салқын кілегей не сүт қосып қояды. Үзбе дайын болғансын массаға тұз қосып араластырады. Үзбе массасының толық дайын болғандығын анықтау үшін масса кесегін суға салады. Егер ол су бетіне қалқып шықса, онда оның дайын болғаны. Жақсы дайындалған,көпіршіктендірілген масса нәзік,үлпілдек консистенциясы алады. Үзбе массаларын көп мөлшерде дайындау үшін арнайы үккіш және кептіру машиналары қолданылады.
Үзбе массасынан үзбе кеспелері
Страницы: << < 28 | 29 | 30 | 31 > >>