тән ерекшеліктері мен белсенділік деңгейін бақылау жұмыстары;
Сабаққа қажетті құрал- жабдықтарды даярлаймын;
Әр сабағым жаңа технологияларды жан-жақты қолданамын;
Үй тапсырмасын келесі тақырыпқа бастайтын негізгі баспалдақ болатынбай етіп беремін.
Сабақ бере отырып, алдымдағы оқушының ішкі әлеміне үңілуге тырыстым, әр оқушының өзіндік ерекшеліктерін біліп, танымдық іс- әрекеттерін қалыптастырып, шығармашылық мүмкіндіктерін анықтап, пәндік әрекет арқылы және сыныптан тыс жұмыстар арқылы бүгінгі заман сұранысына сай шығармашыл құзырлы тұлға қалыптастыру жолында еңбектеніп келемін.
Әрбір сабақ ұйымдастырылу тұтастығымен және логикалық аяқталумен, педагогикалық міндеттердің бағыттылығымен, оқу материалының мазмұнына, бұрынғы және алдағы сабақтардың көлеміне жеделдігіне байланысты болуы керек.
Оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет екенін әрқашан естен шығармаймын.
Осы орайда өз тәжірибемдегі сабақ құрылымының, сабақ барысында қолданылатын жаңа технологияларға, әдіс-тәсілдерге тоқталып өтсем:
Ұстаздың еңбек таразысы- шәкірттерде. Ал бүгінгі шәкірт – ертеңгі ұлт болашағы. Еліміздің ертеңі , ғаламат жылдамдықпен дамып отырған ғаламшарға қазақ елінің келбетін танытар тұлғаға білім беріп, тәрбиелеу ізденістері жалпы білім беру саласында оқытудың жаңа жүйесін қалыптастыруға жол ашуда. Осыған байланысты тарихты оқытудың тиімді жолдарын айқындау қазіргі пән мамандарының еншісіндегі басты мәселелердің бірі. Болашақ ұрпақ ғаламдық өркениет пен даму әлеміндегі ақпараттар кеңістігінен қажетті білім мен адами құндылықтарды игере отырып, ұлттық құндылықтарымен ұштастыра білер кемел кел
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>