ерейтой иелеріне байланысты іс-шаралар, әр тоқсан сайын әрбір сынып параллель арасында жүргізілетін "XXI- ғасыр көшбасшысы", "Не? Қайда? Қашан?" зияткерлік сайыстарға қатысып, оқушылар өз білімдерін дамытады және көрсетеді.
Оқытуда қандай инновациялық оқыту әдіс - тәсілдер бар, соның бәрін қолданып, үйреніп, тиімді әдіс-тәсілдерді әр мұғалім өз тәжірибесінде қолдану керек деп ойлаймын. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады.
Біртіндеп "Сыни тұрғыдан ойлау" жобасының қарапайым стратегияларын пайдалана отырып, сабағымды жандандыра бастадым. Оқушыларымның көзіндегі қуанышты көргенде, меннен бақытты жан болмады. Осыдан түйгенім: жаңа технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне, қиыншылықтарға қарамастан өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса
"Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға - деген ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмір дәлдеп отырған жоқ па?! Осы балаға үйретуден жалықпаудың арқасында біраз жетістіктеріміз де бар. Мысалға 2013 жылы 10-сынып оқушысы Райспих Ксения қазақ тілі мен қаза
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>