ң бірі - шығармашылық. Мұғалім өз шығарамашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым - оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын жаңа технологиялар ,
сыныптан тыс жұмыстар, тіл дамыту жұмыстары арқылы жүзеге асырудамын.
Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Мемлекет мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесі негізгі фактор болып отыр. Сондықтан дамып келе жатқан елімізде мектептердің жаңа техникалық құралдармен жабдықталуына үлкен мән беріліп отыр. Соған орай біздің мектептегі химия пәнінің кабинеті бір интерактивті тақтамен, 2-11- сыныптарға арналған электрондық оқулықтармен жабдықталды. Интерактивті тақта қазақ тілі кабинетінде болу керек деп ойлаймын. Бірақ бұған әлі қолымыз жетпей отыр. Бұл өзгерістер бізге жаңаша ізденіске жол ашты. Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра отырып, жаңаша сабақ түрлерін өткізе бастағанымда өзім де, оқушыларым да қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болды. Біріншіден, электрондық оқулықтағы лексикалық тақырыптарды оқушы тыңдайды, қайталайды, тыңдап отырып өз бетінше диктант жазады, сөз тіркестерін құрап, қатемен жұмыс түрлерін орындайды. Екіншііден, проблемалық сұрақтар қою, оның жауабын жеке өзі, соңынан жұппен, топта талқылау арқылы шешімін тапса, бұл оқушы тілін дамытудың, қабілетін әрі шығармашылығын дамытудың басты бір жолы болып табылады. Үшіншіден, мұғалім көрнекілік жасап жатпайды. Оқушы өзі де көрнекіліктерді призентация түрінде дайындап әкеліп, сол тақырып бойынша қорғайды, түсіндіреді. Әрине, мұндай тіл дамыту жұмыстарын дәстүрлі әдісте
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>