қ әдебиеті пәні бойынша аудандық олимпиадасында 3 жүлделі орынға ие болды. 2010 жылы 11-сынып оқушылары Ұлттық Бірыңғай тестілеуде жақсы нәтиже көрсетті. Менің тобымда 2 оқушы қазақ тілінен беске, екеуі - Нахматов Руслан және Аманжолова Жанар 25 баллға тапсырды.
Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің жеке тұлғасы, әдістемелік шеберлігі, адамгершілік қасиеттері, өз пәніне деген қызығуы, оқушыларға деген мейірімді қарым-қатынасы мен оларды түсіне білуі маңызды орын алады. Сабақ үстіндегі мүғалімнің өзін-өзі ұстауы, сөзі, көңіл-күйі, іс-әрекеттері оқушытарға өте күшті әсер етеді. Бұл туралы А. Макаренко былай деп жазды: "Келешекте педагогикалық жоғары оқу орындарында міндетті түрде дауыс ырғағының қойылуы, өзін ұстауы, өз жан дүниесін игере білуі және өзінің бет-әлпетін игере білуі сияқты маңызды жайттар оқытылатынына сенемін және мұндай жұмыс түрлерінсіз мен тәрбиеші жұмысын көзіме елестете алмаймын". Әрине, дауыстың дұрыс қойылуы әдемі ән айтуда немесе сөйлеуде ғана маңызды рөл атқармайды, сонымен қатар өз ойы мен сезімін неғұрлым анық, әсерлі және бұлтартпай жеткізе білуі қажет. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс - тұрысы, қозғалысы, отырып - тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. "Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең "сынампаз" бөлігі болып табылады", - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Қазіргі талаптарға сай мұғалімдерге қойылатын талап білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар - педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында.
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>