Эссе

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Эссе " Ұстаз болу - жүректің батырлығы "
Аманжолова Сәуле Шаяхметқызы
Ленин орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Ұстаз болу - адамның асылдығы, -- деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, ұстаз ақылды, мейірімді, батыл, білімді, жан-жақты болу керек. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Сол себепті де ұстазға өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялайтын жан, -- деп Ж. Ж. Руссо баға берген болатын. Ұстаздардың әсерлі үнмен асықпай, мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай болу керек.
Ұстаз болу бала кезімнен арманым еді. Сол кезден ақ ұстаз - мектептің айнасы, бәйтерегі екендігін жете түсіндім. Мұғалім мамандығын таңдап, еңбек еткеніме 20 болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған ұзақ еңбек жолындағы өмірілік ұстанымым - әрқашан шығармашылық ізденісте, ой қозғалысында болу. Мұндай ұстаным мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ал ұстаздардың ішінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің қазіргі қоғамымызда жүгі ауыр. Себебі болашақ ұрпаққа мемлекеттік тілді үйрету - қазақ тілі мамандарының міндеті. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Кейінгі жылдары "Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ақпараттық техникалық және көрнекі құралдар арқылы оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру" атты әдістемелік- шығармашылық тақырып бойынша жұмыс жасап жүрмін. Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалімдерге қойылатын талаптарды

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: