рмен де орындаймыз. Алайда басқа сыныптарға қарағанда мультимедиялық кабинетте сабақ кестесі бойынша оқитын сынып оқушыларының оқу сапасы да жоғары, сабаққа деген мотивациясы да жоғары болуы - қазіргі заман оқушысының танымдылық, шығарамашылық қабілетін дамытудың тура жолының бірі - ақпарттық коммуникациялық технология деп білемін. Әрине, бұл жұмыста кемшіліктер де жоқ емес. Бұл кемшіліктерді жою, оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыра білу мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.
Педагогикалық шеберлік - ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К. Д. Ушинский: "Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр - сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін", - айтады.
Педагогикалық шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы, жан - жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі, екіншіден, пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі, үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Оқу мен сыныптан тыс жұмыс түрлерінің сабақтастығы да әрбір оқушыны, оның ішінде орыс тілді оқушыны танып білуге көп әсер етеді.
Мектебімізде әр оқу жылы сайын мектепішілік сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың жылдық жоспары жасалады . Сол жоспар негізінде әр түрлі сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі. Мысалға "Абай оқулары", "Қазақ тілі апталығы", " М. Жұмабаев оқулары", сол жылғы м
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>