Ертегі әлеміндегі педагогика

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ертегі әлеміндегі педагогика
Мухтарова Шолпан Еркебаевна Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі


Жоспар:
1. Ертегі дегеніміз не?
2. Балаларды тәрбиелеудегі ертегінің ролі.
3. Балаларға арналған ертегітерапиясы.
4. Балаларды оқыту мен дамытудағы ертегіні (ертегі кейіпкерлерін) қолдану.

Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні - алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылар, әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Тәрбиенің басты кілті халықтық педагогикада. Себебі ата бабаларымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңызын қазақ халқы ертеден түсінген, дана халқымыз тәрбиенің әр түрлі әдіс - тәсілдерін баланың бесіктегі кезінен бастаған. Ертегілер баламен қарым - қатынаста тәрбиенің ең негізгі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы. Алтынсарин: "Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады",- деп атап айтқан. Мектепке дейінгі ұйымдарда ертегілерді мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде 5 білім беру салаларының мазмұнына сай құрастырып, оқу қызметтерін өткізеді. Ертегіні тыңдай отыра балалар ғажайыпқа сенеді, сол арқылы оның қиялы, ойлау қабілеті дами түседі. Ертегіні тыңдау арқылы балалардың эстетикалық талғамдары қалыптасады.
Ертегінің баланы тәрбиелеудегі рөлі өте маңызды болып табылады. Бұл дұрыс сөйлеуді, қиялды және тағы басқаларды дамытуды қамтиды. Балалар әдетте ересектердің әңгімесін емес, ертегілерді жылдамырақ түсінеді. Ертегілер арқылы балалар адам өміріндегі түрлі жағдайларды, жақсы мен жаманды жылдам айырады. Сондықтан ертегі - бұл балалардың білімі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: