Ертегі әлеміндегі педагогика

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

нің ажырамас бөлігі. Ертегі арқылы ата-ана баланың қарым-қатынастық және мінез-құлықтық негізін қалыптастырады. Ертегілер баланың қиялын оятып, шығармашылығын дамытады. Ертегіні көп тыңдаған бала сөйлеуді жылдам үйренеді, өзінің ойын еркін жеткізе алады. Ертегі оқығанда бала жақсы көңіл-күйде болып, ештеңеге алаңдамауы керек. Мысалға, балаларды ұйықтардың алдында төсекке жатқызып, ертегіні асықпай оқып, талдап, оқиға желісі мен кейіпкерлері жайында әңгімелеу керек. Бала ертегіден әсер алу үшін ертегіні тоқтамай, шатастырмай жәймен мәнерлі оқу керек. Өмірдегі жақсылық пен зұлымдықты ертегіні тыңдау арқылы ажырата білуге үйренеді, олар ертегі кейпінде пайда болған нақты бейнелерге сүйенуі керек. Сондықтан да ертегілер балалардың білімін кеңейтеді. Ертегі балалардың уақытын бос өткізу құралы емес, кейіпкерлер арқылы адамның ішкі жан-дүниесін тану құралы да болады. Бала өзінің іс-әрекетін кейіпкердің іс-әрекетімен салыстырып талдай бастайды. Жақсылықтың жамандықты жеңетініне сенеді. Баланы тәрбиелеудегі ертегі рөлі жай ғана жағымды ойын-сауық болып табылмайды. Өйткені, бала өздерінің сүйікті кейіпкерлерінің ішкі жағдайын түсінуге үйренеді, солардың біреуін немесе бірнешеуін талдауға тырысады. Балаға ертегілерді таңдағанда баланың жеке психоэмоционалды жағдайын ескерген жөн. Осы арқылы баланың психоэмоционалды жағдайының жаман жақтарын азайтып, жақсы жақтарын дамытасыз.


Ежелгі ғасырлардан бастап адамдар сөздің құдіреті бар екенін түсінген,әсіресе балалар үшін. Бірақ балалар үлкендердің жалықтыратын, түсініксіз сөздерін ұнатпайды. Дегенменде жақсы тәрбиеші баланы ертегі оқуда қызықтыра білуі керек. Балабақшада баланың санасына әсер етудің бірден бір жолы ертегіні қолдану. Балабақшадағы ертегі терапиясы балаларға әлемді үйренуге көмектеседі, қарым - қатынасқа үй

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: