Ертегі әлеміндегі педагогика

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ретеді, көптеген мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Мысалға, "Бауырсақ" ертегісі балаларды жақсы мен жамандықты айыра білуге, сақ болуға, аңқау болмауға үйретеді. "Күлше қыз" ертегісінде мейірімнің барлық жамандықты жеңетінін, зұлымдықтың жеңіліс табатындығын көрсетеді. Балабақшадағы ертегі терапиясы баланың бойындағы теріс мінез - құлықтарды жеңуге көмектеседі. Бірақ жиі жазалау, сендіру теріс нәтижелерге әкеледі. Ертегілерді оқып үйрену мини - ойын өнімі болып табылады. Ертегі терапиясы, балабақшада немесе үйде болсын - бұл толық ғылым. Балаға қарапайым ертегілерді айту немесе оқу оңайырақ болады. Ертегіні балаларға оқушы адам кейіпкерлердің даусын, ишарасын, қимылын өзгертіп айтпаса ертегінің мазмұны ашылмайды, бала оған қызықпайды, түсінбейді. Балаларға арналған ертегілерді өздерінің жас ерекшеліктеріне, психологиялық мәселелеріне сәйкес дұрыс таңдау өте маңызды - ертегі терапиясы сол кезде ғана оң нәтижеге жетеді. Ертегі терапиясы мұқият ойластырылған және ұзақ уақытқа жоспарланған жоба болу керек. Әрине бұл жоба қатып қалған нәрсе емес оған өзгерістер енгізуге болады.
Балабақшада ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеттерінде балаларды ертегілерді әңгімелеуге қатыстыруға болады. Бала ертегіні өзі баяндай алса оның сөйлеуінің дамуы артады. Суретке қарап ертегіні анықтауды, ертегінің мазмұнын суретке қарап дұрыс орналастыруды, қуыршақтарды қолдану - ерекше қызықты өтеді. Балабақшада баланы ойлауға үйретудің алғашқы сатылары қалыптастырылады. Сіз өзіңіздің тобыңызда ойлау мәдениетін қалыптастыру үшін "Сен бұл туралы не айтасың?" деп үнемі сұрай аласыз. Бұл сөздер оқушыларға олардың ой-пікірлері бағаланып, күтілетінін көрсетеді. Сұраққа жауап іздеу арқылы балалар ойлана отырып, ойлау әрекетін іске қосады және оның маңыздылығын түсінеді. Күн

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: