Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-үлгі

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

алмай тағат,
Кеттім деп япыр-ау, қай жерден ағат.
Түсесің ойға иір де шиір. . .
Елестеп көзге мақсат пен мұрат.
Жегенім -- желім, ішкенім -- ірің,
Түсінер түбі халқым -- пірім,
Басты кінә боп тағылды-ау маған,
Сүйгенім туған ұлтымның тілін.
Болама сұмдық дәл мұнан өткен,
Сталин заңы шықты ғой шектен.
Жауапты орында безбүйрек жандар,
Аяуды білмес мейрімсіз неткен.
Тегінде бәрін алған ғой таңдап,
Қол қойдырады азаптап, зорлап,
Сенбейді айтқан сөзіңе адал,
Мазақ қылады табалап, қорлап.
Байзаков Әлішер:
Ильич кетті тым ерте сөніп,
Жаңа заманды орнатып беріп,
Бүгінгі мынау ойранды ой-хой,
Оралып қайта көрсе ғой келіп.
Көрсе ғой шіркін,Ильичтің өзі,
Тартылар еді-ау әр істің тезі.
Тұнжырап туған "мұртты көсем",
Қылды ғой әбден халықты мезі.
Серпіліп сонда ашылар тұман,
Тыйылар жөнсіз күдік пен күмән.
Кесапат күндер келмеске кетіп,
Туады анық нұрлы бір заман.
Қашанда болсын әділдік қымбат,
Партияға менде болғанмын солдат.
Қатемді түзеп, анықтап жолды,
Ильичтен тұңғыш алғанмын мандат. . .
Жасымда мынау алпыстан асқан,
Нұртайып беттен ажарым қашқан.
Отырмын мең-зең айыпқа батып,
Туған халқыма атанып дұшпан.
Сырқырап жан-тән,сыздайды жүрек,
Еленбей әсте елге еткен еңбек.
Еңсеңді басып, есіңді алған,
Ашылар қашан бұл қара түнек.
Соңымнан ерген қуатты бір лек,
Үркердей шоғыр келе жатқан түйдек.
Міржақып, Сәкен, Мағжан мен Мұхтар,
Болса екен аман, -- деп тілек тілеп.
Атырам таңды, батырдым күнді,
Бар шығар жандар менен де мұңды.
Қаншама азар берсе де даттап,
Мойындамадым тағылған мінді.
Сезеді жүрек. . . ажалым жақын,
Өлмейді бо

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: