сқа азамат ақын.
Өзіңе досым аманат жырым,
Бұл жазған тегі ең соңғы хатым.
Отанға сенем, халқыма сенем,
Айтыңдар менен ұрпаққа сәлем.
Жеткізер түбі еліме байтақ,
Атымды менің ақсұңқар өлең.
Елікбай Аружан:
Ауысар ұрпақ ,алмасар жылдар,
Уақыт пен біздің жалғасар жырлар.
Жоярма құнын елге еткен еңбек,
Егерде ұрпақ табылса құндар.
Келеді алысып ақ пенен қара,
Қайғымен қуаныш, бақ пенен нала.
Ежелден бері етуде осылай.
Жаға жыртысып, шындық пен жала.
Жеңеді түбі әділет бірақ .
Болады анық жауап пен сұрақ .
Ашылса көзі басынан тұнып,
Мұхитқа айналар жылға мен бұлақ.
Тынбаған бір сәт сүюден халқын,
Садуақасов Смағұл марқұм.
Голощекин мен Сталин бізді.
Тұйыққа тіреп, -- деп өтті әр күн.
Ұғар ма айтшы ғалымды надан,
Қажытты бізді қаншеңгел заман.
Жатырмын тілеп, Бейімбет, Сәкен,
Мағжан мен Мұхтар болса деп аман.
Шәкәрім -- ағам, Жүсіпбек -- інім,
Біреуі -- айым, біреуі -- күнім. . .
Секілді еді-ау. Опат боп кетті,
Сүюден тынбай халқы мен елін.
Ұстаймын менде солардың жолын,
Ажал мен апат -- оңым мен солым.
Болса егер қатем, кеше гөр елім,
Күткенім енді менің де өлім.
Сағынтты мені сүйікті мекен,
Түсіме кірді апам мен көкем,
18 жылға сотталған еді-ау,
Патшаға қарсы күрескен әкем.
Мерзімін өтеп, қайтқанда елге,
Қарсы алдық шығып, жазира белге.
"Ақкөлім саған жеттім бе шын" -- деп,
Топырақты сүйді жата қап жерге.
Мені де шырмап сағыныш сондай,
"Ақкөлді " ойлап құмарым қанбай,
Отырмын достым,ертеңім маған,
Сыйлайды екен тағдырды қандай.
Сапарбаева Арай:
"Ақкөлде "шіркін көзімді жұмсам,
Бір төмпешік болып сол ж
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>