қушылары өлеңді қалай мәнерлеп оқитынын бағалау үшін сынып сағатымыздың қонақтарынан әділ - қазы тағайындалады. Көңіл қоя тыңдап, бүгінгі пресс конференция түріндегі сынып сағатымыздың қатынасушыларын әділ бағалаулаырыңыз сұралады.
Әділ қазылар мүшелері: Қаламыздағы 2,5 мектеп басшылары Махамбетова Қ. Б. , Байжигитова Ұ. Б. гимназияішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Хазреткалиева Г. Х.
А. Байтұрсынұлының Қаншеңгел поэмасының ырғағын қосу:
1937 жылы түрмеде азап пен қорлықты көріп ,көкірегін мұң басқан Ахмет атамыз өзінің қадірлес жолдасы, әрі сырлас інісі Амангелді ауданында тұратын Файзолла Сатыбалдыұлына соңғы хатын жазса керек. Хатта өзінің тура жолда болғанын, қате қадамға бармағанын, түбі ақталып шығатынына сенім білдірген . Сол өлмес мұра Қаншеңгел поэмасын жатқа оқу ұрпақтың парызы деп есептейік. Олай болса аоты оқушы 10 шумақтан кезектесе жатқа мәнерлеп оқиды.
Курманкулов Нұрали:
Файзолла досым, аса қымбатты,
Мұң менен азап жаныма батты.
Өтпелі дәуір -- өкініш уы. . .
Асау өзендей толқыны қатты. . .
Өзіңе аян өмірім, ісім ,
Көрдім ғой бейнет туған ел үшін.
Жабылған нақақ жаланы ойласам,
Өзегім күйіп, өртенеді ішім .
Ойсоқты болып қатты ғой басым,
Көзімнен көл боп ақты ғой жасым,
Сергелдең кешіп, сарғайып санам,
Төбемнен тура түсті ғой жасын.
Көбейген шақта сақалдың ағы,
Кетті ғой тайып ағаңның бағы.
Темір құрсаулы түрмеге мынау
Төртінші рет мен қамалдым тағы.
Ана сүтімен ақындық дарып,
Жыр жазып едім, отырмын налып.
"Халық жауы" боп қасірет шеккен.
Бүгінде енді менде бір ғаріп .
Езіліп жүрек, егіліп жүйе. . .
Өзіңе-өзі бола алмай ие.
Енесі өлген ботадай боздап
Өкінесің көп өзегің күйе.
Дамылдап бір сәт таба
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>