Ерлер есімі - ел есінде

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

жүргізуші: Халқымыздың елдік тарихында Исатай, Махамбет бастаған 1836 - 1838 жылдары
шаруалар көтерілісі айрықша орын алады.

8 - оқушы: ХVIII - ХIХ ғасыр, Қазақ билері мен хандары иек атып, көмек күткен орыс
патшалығы бірте - бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлап, қазақ елін
аздыра бастады. Ел ішіне іріткі салып, зымияндық саясатпен ел бірлігіне, ұлттық
қасиетімізге, тіліміз бен дінімізге, кеңдігіміз бен елдігімізге кесір келтірді. Оған
қазақ шаруалары ызаланып, бас көтерді. Исатай мен Махамбет бастаған ел
көтерілісі сәтсіз болса да, ер намысының айғағы еді.

9 - оқушы: Орнатам деп Исатай бостандықты,
Ордадан кек, құптауды достан күтті.
Жаңғырған мұң - шаруа күресінен
Жәңгір хан мен патша жасқаныпты.

Көрініс: "Махамбет пен Жәңгір хан"

Жәңгір: Уа, Махамбет, ел ішіндегі орақ ауызды ақын едің, мені мақтап бір өлең айтшы
мына халыққа.

Махамбет: Айтсам айтайын.
Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Дұшпаның келіп табалап,
Достарың сені басқа ұрсын.
Хан емессің аярсың,
Айыр құйрық шаянсың.

Жәңгір: Әй, Махамбет, талай жыл дәмдес болып тең өсіп едік. Сенен бұны күтпеген едім,
текеметімді тілгендей Әбілқайыр тұқымынан не жамандық көрдің? Сені ел қатарына
қосқан Тайман тұқымы ма?

Махамбет: Жәңгір, атаң Әбілқайыр қарауындағы елді алакөз дұшпаннан қызғыштай қорғаған ел
үшін туған нар еді. Нардан айғыр туды, айғырдан қауырсын туды. Тайманұлы
Исатайға тіл тигізбе, ол қарадан туса да хан боп туды. Сен жылатқан елді ол
жұбатса несі айып?

1 - жүргізуші: Ресей қазақ елі түгелдей қол астына біріккеннен кейін, өз ойларын іске асыра
бастады. Қазақтың шұрайлы жерл

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: