Келесі сөзді қырғыз Көкім биге берейік.
Қырғыз Көкім би: "Аға өлсе - жеңге мұра,
Іні өлсе - келін мұра" дегендей жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін десек
келесі жарғымыздың бірі жесір дауы болсын.
Тәуке хан: Қарақалпақ Сасық би, жарғыға қосарың бар ма?
Сасық би: Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Әйелің жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - деп Қаз дауысты Қазыбек би
айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі болсын.
Тәуке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар?
Қатаған Жайма би: Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек,
Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек?
Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек?
Әйелі ерін сыйламаса, ері елін сыйламаса, елі әдет - ғұрпын сақтамаса ертеңгі
күніміз не болмақ? Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын.
Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын
қамтамасыз етер "Жеті жарғымызды" қабылдадық. Айымыз оңымыздан туып,
"Жеті Жарғымыз" темірқазығымыз болсын! Әумин.
Автор: Жер дауы баяндайтын - біріншісі,
Ру, қоныс болыпты меншікті ісі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басымдық қып озбыр кісі.
Үй іші мен баланы тәрбиелеу -
Болған екен заңының екіншісі.
Ұрлық, қарлық, барымта - үшінші заң,
Баян етер бәрін де білген кісі.
Төртінші боп саналған мынау заңы:
Бір халықпен басқа ру болса дауы.
Ұлтын жаудан қорғамақ - бесінші,
Алтыншы - құн, жетінші - жесір дауы.
2 -
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>