Ерлер есімі - ел есінде

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ау, нығайту үшін ең алдымен дау, жанжалдың
негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға қою
қажет. Олай болса бірінші жарғы жер дауы болсын.
Бұдан былай жайылымдар ру - ру болып пайдалануға беріліп және әр ру
белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп - қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгі -
ленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мөлшеріне қарай бөлініп, жер -
ді пайдалану барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті шешім
шығаруы қажет.
Ал енді Ұлы жүздің бас биі Төле би, сен не айтасың?

Төле би: Жыртық үйден жел гулесе - сол жаман.
Өлім - бесік әлдилеген - сол жаман.
Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып,
Берекесін елдің алған - сол жаман.
Олай болса екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып, ел
тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын.

Тәуке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазыбек биге сөз берейік.

Қаз дауысты Қазыбек: Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді асырмаған елміз.
Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болсын.
Тәуке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік.

Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет - бетімен ру - руға бөлініп, бір -
бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп, елдің ұлттық
бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір - біріне жау болса елдің
ертеңі не болмақ. Келесі жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңы -
мыз болсын.

Тәуке хан:

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: