й, тышқақ лағына шейін сыпырып алды.
17 - оқушы: 1931 жыл. Қыстан әрең шығып, бір уыс тары таба алмай, Кеңес өкіметі әдейі
ұйымдастырған алапат ашаршылыққа ұшыраған қалың қазақ жартысының көбінен
айрылып шыбынша қырылды. Бір деректер бойынша 3 500 000 адам аштан
өлген.
18 - оқушы: 1937 жыл. Қызыл репрессия
1 - жүргізуші: Жеке басқа табынушылықтан, Сталиндік зұлматтың зардабынан қоғам қайрат -
керлері Әлихан Бөкейханов, Міжақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен
Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Смағұл Садуақасовтар құрбан
болды.
2 - жүргізуші: Бодандықтың қамытын киіп, қарғыс атқан күндерден құтылғанша көрген азабы,
тартқан тозағы аз болған жоқ. Одан қайтсем құтқарам, теңдігін алып, терезесі
тең етем деген ұлт ұлылары қиян - кескі қарсылықтарын көрсетіп жатты. Өресі,
өлшемі ерек, ой - санасы қырандай қияны шалған Алаш арыстарының жолы
азапты да қасіретті. Алайда ұлт дегенде түн ұйқысын төрт бөлген олар алған
беттерінен қайтпады.
19 - оқушы: Тағдыры қиын, бірақ кісі қызығарлықтай тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы,
алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр кешкен Ахмет Байтұрсынұлы. Ол 1873 жы-
лы Торғай облысы Тосын болысында Сары түбек дейтін жерде дүниеге келген.
1919 жылғы 24- шілдедегі РСФСР Совнаркомның қаулысы бойынша қазақ өлке -
лік әскери - революциялық советіне мүше болып кіреді, коммунистік партия қатары
-на өтіп қызу еңбек ете бастайды. 1929 жылы оның басына бұлт үйіріле баста -
ды. Бұл Голощекиннің қазақ жерінде білгенін істеп, бүлдіріп жатқан кезі еді.
1929 жылы қамауға алынғандардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлы да болды.
М. Горькийдің жұбайы Қызыл Крест арқылы көмектесіп, 1934 жылы босаттырды.
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>