ерін тартып алып, беттен ауған орыс шаруа -
ларына берді.
Қазақтың хандығы жойылды, биліктен айырылды. Мұндай зорлықтарға
Шыдамаған ел Кенесарыны хан сайлады. Азаттық соғыс ашты. Кенесары қазақ
халқын өз алдына мемлекет етем, өз алдына дербес ел болғызам деген қазақтың ең
соңғы ханы болды.
10 - оқушы: ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей Азиялық Шығысты отарлауды кең көлемде
жүзеге асырды.
1916 жылы 40 мыңға жуық шұрайлы жерінен айырылған қазақ еліне 19 бен 41
жастың арасындағы ер азаматтар окоп қазу жұмысына алынсын деген патша жар-
лығы шықты.
Соған қарсы жер - жерде көтерілістер отряды құрылып, Торғай, Жетісу
өңірінде Аманкелді Иманов, Әліби Жанкелдин, Тоқаш Бокин сияқты ардагерлер
басқарды.
Ардагер Аманкелді ердің ері,
Кең өріс жалпақ дала туған жері.
Елі мен мекенінің туын ұстап,
Қол бастап қан майданда аққан тері.
2 - жүргізуші: Қазақтың ғұмырындағы жазылмас дерт - осы ғасыр. Ендеше тарихқа тағы да
көз жүгіртейік.
11 - оқушы: 1918 - 1919 жылдар. Ресей үшін "Азаматтық" деп аталатын қызыл мен ақтың
соғысында қазақ ауылдары қосақ арасында кетіп қырғынға ұшырады.
12 - оқушы: 1920 жыл. Алаш елі Кеңес империясының илеуінде қалды.
13 - оқушы: 1921 жыл. Қазақтың кейбір аймақтарында ашаршылық болып өтті.
14 - оқушы: 1928 жыл. "Ірі феодалдар" деген сылтаумен ағайынға ұйытқы болып отырған
қазақтың бай отбасыларын айдауға жіберді.
15 - оқушы: 1929 жыл. Қазақтың жүздеген зиялыларын, мыңдаған азаматтарын Кеңеске
қарсы деп атты, асты, айдауға жөнелтті.
16 - оқушы: 1930 жыл. Кәмпеске, колхоз деген желеумен мал сүмесіне ғана қарап отырған
ұлттың тігерге тұяғын қалдырма
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>