br/>
7 - оқушы: Ел иесіз, жер иесіз болған емес. Халық болған соң оның көсемі болады. Ел басына
күн туғанда қол бастайтын батыры болмаса, ел бастайтын иесі болмаса ел болудан
қалады. Міне, осындайда ел басшысы болған, тарихта үлкен орын алатын тұлға -
қазақтың батыр ханы Абылай. Абылай 1771 жылы Әбілмәмбет дүниеден өткен соң
хан сайланады. Абылай 30 жасқа жетпей - ақ алғыр, жігерлі, қайрат - қуатымен ел
бірлігіне араласады. Абылай бірінші ел бірлігі, екінші қарулы күш болу керек
екенін түсінеді.
"Абылайлап" Сабалақ қол бастады,
Абылай хан аталып, ел басқарды.
Ерлігінен хандардың басталады,
Егемендік, елдіктің сел бастауы.
1 - жүргізуші: Тарихтың терең - терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен
санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғаларға
куә боламыз. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһар -
мандық қызмет атқарған ірі - ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған
іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Заманымыздағы Тәуке хан сондай ардақ -
ты есімдердің ішінен ерекше орын алады.
Көрініс: "Жеті жарғы"
Автор: Әділ хан аз болды Назардайын
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен
Басында Күлтөбенің құрылтайын.
Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары!
Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан - жай жиылып отырған жоқпыз. Бабаларымыз
Қасым ханның "Қасқа жолын", Есім ханның "Ескі жолын" жалғастыра отырып ел
тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін Жарғы қабылдап "Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заманға" жетуіміз керек.
Бабадан мирасқа қалған жерді сақт
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>