Ерлер есімі - ел есінде

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ халқын қан
жылатты. Бұл шабуылдарды жоңғар ханы Цеван Рабтанның інісі Шона Даба
басқарды. Дүрліккен ел шұбыра қашып, табаны езіліп, шұбырынды халық ақ табан
болды. Аңдыздаған жұрт Алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.
Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің ерлігін
соңғы рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу
үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырды.

4 - оқушы: Қара таудың басынан көш келеді,
Қара жорға шайқалып бос келеді.
Қара күнді жамылып қара қазақ,
Қара түнді басынан кешкен еді.
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шұлғау болып қыздардың кестелері,
Талай қара шаңырақ өшкен еді.
Қара жұртта бықсыған шала қалған,
Аналардан ес кеткен, балалардан.
Тал да таппай қармауға жағалаудан,
Ақыл қашқан адыра бабалардан.

5 - оқушы: "Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен" заман болды. Қалың елді
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар бастап,
азулы жауды Аңырақайда жеңді. Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан
кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастады.

6 - оқушы: Ер елінің Қабанбай тірегі боп,
Өренінің мақтаныш, жігері боп.
Ерлік сапта жүр мәңгі өзі бастап,
Әр ұрпаққа күш берер жүрегі от.
Етсе егес Бөгенбай дана батыр,
Өткен емес кек алмай дара батыр,
Айбары боп елдіктің, ердің ісі,
Айғағы боп ерліктің дала жатыр.
Райымбек әулие - қасиетім,
"Құдайым" деп жаулары бас иетін.
Балалары батыр боп орындайды,
Бабалардың өнеге - өсиетін. <

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: