Тақырыбы: " Елім, жерім байлығым- баға жетпес қазынам!"
Күні: 16. 02. 2015ж.
Пәндері: Химия, биология, география.
Мақсаты:
Оқушылардың химия ,биология ,география пәндеріне
қызығушылықтарын арттыру;
Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту;
Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін айту;
Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатқа сақтаушылықпен қарауды тәрбиелеу.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артады;
Ұраны: "Уа, табиғат, құдіретіңнен айналдым,
Сәні болдың таусылмайтын ойлардың. "
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! 16- ақпан және 21-ақпан аралығында Құмкешу білім беретін орта мектебинде химия, биология, география пәндері бойынша Елім, жерім байлығым- баға жетпес қазынам ! " атты апталығымызға. . . . . . . . . . . .
Бірге: қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары бойынша алдағы бес жылда химия, биология, география кешендерін дамытатындығын айтты. Ол үшін химиялық сауатты, білімді, саналы ұрпақтардың қажет екендігіне басты назар аудару керектігін сөз етті. Сондықтан біз осы пәндерден терең білім алып, Елбасы сөзіне лайықты болуға тиіспіз.
1-жүргізуші: Ендеше, Елбасымызыдың осы бір жолдауын қолдай отырып, табиғатты аялауға бір кісідей ат салысайық!
1-оқушы: Уа, табиғат, құдіретіңнен айналдым,
Сәні болдың таусылмайтын ойлардың.
Әсемдігің, сұлулығың елжітер
Серігіндей күндіз Күннің, түнде Айдың.
2- оқушы: Өзен - көлдер жылғасымен жарасқан,
Сырын айтып бір-біріне қарасқан.
Мөлдір көлдің сағым ойнап жүзінде
Арайланған аспанда Аймен таласқан.
3
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>