аптың үлкендігі алты жасар атан түйенің асықты жілігіндей болсын. Аспабыңның аты- қобыз. Осы қобыз сенің шабытыңды қияға самғатады, сапар шексең, жолыңа жарық түсіріп, сәуле шашады. Өзіңді пәле-жәледен сақтайтын желеп-жебеуші серігің болады.
(Ояна сала қорқыт қобыз жасауға кіріседі. )
Бала Қорқыт:
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған, қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Желмаяның терісін
Шанақ қылған, қобызым.
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған, қобызым.
Бесті айғырдың құйрығын
Ішек қылған, қобызым.
Құлағыңды бұрайын
Осы айтқаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын!
(Қорқыт бір күйді қобызымен тарта жөнеледі)
2-жүргізуші:
Қорқыт бабамыздан қалған.
Қобыз- Өкініш пен арман.
Тыңдасаң сыр айтады,
Өкініп мұң айтады.
Қобыз ұрпақтары тірі
Қобыз- заманымның үні.
Боз інген боздағаны
Жүректі қозғағаны.
Қорқыт әруағы қонған.
Қобыз қиялынан озған.
Шежіре, шер артады.
Өнердің алдаспаны.
Қобыз дүниенің шегі.
Қорқыт- тәңірімнің теңі.
Мәрттігін мақұлдатқан.
Өлместің отын жаққан.
1-жүргізуші: Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің төрт тарабын түгел кезді. Жер бетінен тыныштық таппаған ол желмаясының үстіндегі жабуын жұлып алып, Сырдария толқындарына тастайды.
(Аққу Қорқыттың күйін тыңдап, оған еліктеп билей бастайды)
2-жүргізуші: Міне, Қобызының үнін Сырдариядан жеті күндік жерге дейін естіртіп, айнала төңіректі сұлу да сырлы үйлесімнің сиқырлы нұр шуағына малындырған қасиетті Қорқыт бабамыздың "Аққу" күйінің шығу тарихы еді - бұл.
Қария Қорқыттың елге батасы:
(Бата оқып жатқанда жаймен әуен жіберіліп, ана бесігімен, екі қыз толқындатып, аққу әсем биімен артқа келіп
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>