Елім, жерім байлығым-баға жетпес қазынам. Геогафия апталығы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

-оқушы:Ұғар ма табиғаттың нарқын адам,
Дей ме екен : "Кереметін тартып алам!"
Тамшымын жанарыңда мөлдіреген,
Мен де бір жапырағың қалтыраған.

Ән: "Елім менің"
Химик: Қызық думан өміріміз ғаламат,
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ,
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап.
Биолог: Биология - түпсіз терең, зор ғылым,
Қамтитұғын тіршіліктің барлығын.
Адам менен өсімдік, жануарлар дүниесін,
Зерттей тұғын тарауымен әрбірін.
Географ: Жетік білгім келеді географияны,
Талабына ұштадым арманымды.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Жасыл баққа бөле туған жеріңді.
Биолог: Биология - ағзамыздың саласы,
Географ:. География-жеріміздің данасы,
Химик: Химия- ғылымдардың панасы,
Бәрі бірге: Бәрі тұтас қазағымның даласы.

1-жүргізуші
Қорқыт тура кезінде
Қара аспанды су алған.
Қара жерді күл алған
Ол туарда ел қорқып,
Туған соң әбден қуанған!

Киіз үйдің көрінісі.
(құстардың сайраған дауысы, сәбидің шыр еткен үні естіледі)

1- оқушы: Нәрестенің бауы берік болсын!
2 -оқушы: Бізді қорқытты - ау, сірә!
Молда: Бұл бала бізді қорқытып туылғаны үшін аты-Қорқыт болсын!
2- оқушы: Иә, иә, Қорқыт болсын!
Молда: Бисмилла, менің қолым емес ата-бабалардың қолы, сенің атың Қорқыт болсын! /3 рет айтады/
1-жүргізуші: Қорқыттың дүниеге келуі қандай өзгеше болса да, оның бүкіл өмірі де сондай ерекше болды. Бала жасынан ұшқан құспен, жүгірген аңмен, соққан желмен, жауған жаңбырмен қоса жарысты. Табиғатпен ортақ тіл тауып сонымен бірге өсті.

/Сондай ерекше күндердің бір күні ол түсіне бір әулие қария енеді. /

Әулие: Ей, Қорқыт, тұр орныңнан! Менің айтқанымдай саз аспабын жаса. Бұл асп

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: