Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақтану заңы. Кулон заңы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

Ол гимназияда оқығанда 5-6 сыныптан бастап зеректігімен көзге түскен. Айрықша қабілеті ескеріліп, гимназияны бітірмей университетке қабылданады. Джеймс Максвелл 19 жасында физика мен математикадан жаңалықтар ашты.
ҮІІ. Дененің электрленуі нәтижесінде болатын электр өрісінің әсерлері көптеген өнеркәсіп салаларында синтетикалық материалдарды қолданғанда және кейбір ауруларды емдеу мақсатында кеңінен пайдаланылады. Мысалы: а) целлюлоза - қағаз,мақта-мата комбинаттарында қағаз ,лента және иірілген жіп оралғанда үйкелістен эдектрленіп, электр өрісінің нәтижесінде басқа денелерге тартылып үзілетіні және электр зарядының разрядталуы әсерінен өрт шығу жағдайлары көп болады.
ә) Авиацияда , ұшақ ауамен үйкелісуі нәтижесінде электрленеді. Ол қонғанда оған бірден металл трап қоймайды. Ұшақты алдымен металл трос арқылы жермен қосып, разрядтайды.
б) Тұрғын үйдің линолиум еденімен, синтетикалық кілеммен жүргенде, нейлон көйлекті шешкенде электрлік разрядталу құбылысы байқалады. Синтетикалық заттар электр зарядын өткізбей сақтайтындықтан, үйді ( 60-70) ылғал етіп ұстау керек.
в) Медицинада синтетикалық киімдерді киіп жүргенде үйкелістен электрленіп, электр өрісі пайда болуы радикулит, полиартрит ауруларынан жазады. Электроаэрозоль әдісімен ішкі ағзаларды емдеу, электрлеу арқылы адамды ұйықтатуға болады. Кейбір балықтар мен жәндіктердің денесінде электр өрісі бар екендігі анықталған. Мысалы: Сом (лақа), скат, угорь балықтарының өте күшті электр өрісі бар.
г) Денелердің электрленуі мен электр өрісі сұйықтардың ыдысқа шланг пен шүмектен сыздықтап ағуынан, дененің деформациялануынан (созылу мен сығылу) заттың бөлшектенуінен, бір-бірінен ажыратылуынан, ұсақ бөлшектердің (құмшекер, құм, ұн, дәрі ұнтағы т. б. )төгілуінен де пайда болады.
ғ) Электр өрісі құб

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: