ектрофор машинасының жәрдемімен демонстрциялап көрсетуіміз керек.
ІҮ. Электрофор, электроскоп, электрометр арқылы металл пластинка, стержень мен сымның электр зарядтарын, яғни электр тогын өткізетіндігін, ал резеңке, шыны, эбонит денелердің зарядтарды өткізбейтіндігі тәжірибие арқылы көрсетіліп, денелердің өткізгіштер, өткізбейтіндер болып бөлінетіндігі жайлы айтылады.
өткізгіштерге
Металдар,қышқылдар мен тұздар ерітіндісі, ылғал топырақ, адам денесі т. б.
өткізбейтіндерге
Резеңке, шыны,эбонит, фарфор, жібек, керосин, ауа т. б.
Ү. Электрленген денелер алыстан әсер ететінін байқадық. Бұл қалайша, әсер не арқылы беріледі деп ойланып көрдіңіздер ме ? Екі дененің арасындағы ауа - диэлектрик , басқа әсерді көріп тұрғанымыз жоқ.
Бұл құбылыстың сырын ашумен көптеген елдердің ғалымдары ұзақ жылдар бойы айналысқан. Ағылшын физиктері айта кететін болсақ, Майкл Фарадей мен Джеймс Максвелл, Ресей ғалымдары Михаил Василевич Ломоносов, Г. Рихман,америка физигі Б. Франклин найзағайды зерттеген.
Бізді қоршаған айналамызда жан - жануарлардың, малдың жайылу өрісі, тұрғын үй, колледж ауласы, алаң сияқты электрленген денелердің әсері байқалатын кеңістік бар екенін білеміз. Мұндай кеңістік электр өрісі деп аталады. Ол - электрленген дененің қасиеті - материяның бір түрі. Электр өрісінің оған енгізілген электр зарядына әсер ететін күші - электр күші деп аталады, яғни электр заряды орналасқан кеңістікте электр өрісі болады.
Электрлік өрісі ұғымын тақтаға сызып талдау:
Электр өрісі: 1. Электр заряды орналасқан кеңістік; 2. Электрленген дененің қасиеті;
3. Материяның бір түрі.
ҮІ. " Электр өрісі" ұғымын алғаш атақты ағылшын физигі Джеймс Максвелл енгізген. Джеймс Максвелл Англияның Эдинбург қаласында 1831 жылы туған.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>