ылысы - заттарды жалтыратып лактауда, бидайды тазалап сорттауда , түтінді тазартуда, матаның бетіне түк салуда және түбіт тұрғызуда қолданылады.
Сондықтан шлангпен бензинді цистернаға немесе автомашина багына құйғанда өрт шығып кетуінен сақ болуы керек.
Қорыта айтқанда, біз ұдайы электр зарядтары мен электр өрісі ішінде өмір сүреді екенбіз. Мұны өзіміз байқамаймыз, ал енді бұл құбылыс туралы білетін болғандықтан, күнделікті өмірде тиісті шаралар қолдануымыз керек!
ҮІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Электроскоп не үшін керек құрал ?
Электр өрісі дегеніміз не ?
Электрометрдің шар кондукторын газетпен үйкесе электр заряды пайда бола ма ?
Электр өткізбейтіндерге не жатады ?
Электрометр не үшін қажет ? Құрылысын,жұмыс істеу принципін түсіндір.
Электр өрісі қандай денелерде болады?
Дененің электр өрісін қалай білуге болады ?
ІХ. Үйге тапсырма : 1, 8. 1 - 8. 2, 241 - 245 бб, (8. 2 - 8. 4) формуланы жаттау.
Газетті жыртып,оның қиқымдарының электрленгенің немен, қалай байқайсыңдар?
Үйдегі су құбырының шүмегінен ағызған суды пластмасса воронка арқылы төгіп, воронканың электрленуін байқаңдар.
Қараңғы бөлмеде синтетикалық киімдерді шешкенде, электр зарядтары сытырлап, жарық ұшқындары шығатынын бақылаңдар.
Страницы: << < 2 | 3 | 4