ық қалыңдығы 0,25 мм болуы тиіс. Осы айтылғандардың бәрін тек шеберханалардағы тәжірибелі механиктер істей алады.
Релені күту - түйіспелерді таза ұстау, оларды тазарту (егер күйген болса) және кішкене якорь мен өзекшенің арасындағы сақылауды реттеу болып табылады.
Кішкене якорь мен өзекшенің арасындағы саңылау, реле түйіспелері тұйықталып тұрғанда 0,25 миллимерден 0,75 миллиметрге дейін болуы тиіс. Тіреліп тұрып қалғанға дейін ажыратқанда түйіспелердің арасы 0,75 миллиметрге дейін болуы керек.
Электр тізбегін қарап шығу, фараларды бекітіп сынап көру, генераторды тазарту мен тексеру, коллекторды тазалап, оның күйін тексеру, щеткалардың коллекторға дұрыс жабысып тұрғанын тексеру және подшипниктердің күйін тексеру техникалық күту ережелері бойынша жүргізіледі.
Стартерді бұзып көрген кезде оның мыс-графит төлкелерін маймен майлап қою керек. Коллектор мен щетканы жетісіне бір рет тексеріп тұрған жөн болады. Коллекторды кір басып кетсе, бензинмен жуу керек. Щеткаларды көп тозаң басып кетсе, оны үрлеп түсіреді. Бендиксті таза үстау керек. Электр жабдығы жүйесінің ақаулары және оларды жөндеу. Электр жарығының жүйесі қалай бұзылса да алдымен өткізгіштердің, шамдардың, фаралардың бұзылғаны жоқ па екен, соны тексеру керек. Өйткені, тәжірибеге қарағанда, бұзылу генератор мен кернеу реттегішіне қарағанда сыртқы тізбекте кездесетін болады.
4. ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ
Электр жабдықтары тізбектеріндегі ақаулар. Электр жабдықтары тізбектерінде төмендегідей ақаулар байқалады: сымдардың үзілуі және қысқа тұйықталуы, қысқыштарға баратын сымдар бекітуінің босауы, сымдар мен қысқыштар ұштығының майлануы және тотықтануы, аспаптың өзіндегі ақаулар.
Сымның үзілуін бақылау шамымен анықтайды. Бір сүңгін
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>