ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚАУЛАРЫ

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

асалған корпустан тұрады, онда екі түйіспе орналасқан. Қозғалмайтын түйіспе "массамен" қосылған, ал қозғалмалы түйіспе "массадан" изоляцияланған серпімді биметалды пластинаға бекітілген. Биметалды пластина сыртынан қысқыш арқылы сигналды шаммен қосылған.
Салқындатқыш сұйықтықтық қалыпты температурасы кезінде датчик түйіспелері ажыратылады. Егер сұйықтық температурасы есептегіден жоғары болса, биметалды пластинаның иілетіні соншалық, түйіспелер тұйықталады және сигнал шамды электр тізбегіне қосады.









3. ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚАУЛАРЫ

Генераторды күту сымдардың түйіспелерімен қосылатын жерлерін таза ұстау болып табылады. Генератор мен кернеу реттегіштің ішіне кір және тозаң кіріп кетуіне жол беруге болмайды. Кернеу реттегіші мен реле қақпақтары әрдайым берік жабық тұруы тиіс.
Зауытта құрастырғанда генератордың шарикті подшипниктеріне тозаң кіріп кетпейтіндей етіп, майлап мықтап жауып қояды.
Жұмыс кезінде мезгіл-мезгіл, кемінде айына бір рет коллектор мен щетканық күйін тексеріп, қарап тұру керек. Жұмыс кезінде коллектордың бетіндегі көмір тозақын үрлеп түсіріп тұрған жөн. Коллектор кірлеп кетсе, бензинмен жуылады.
Генератордың жұмысы дұрыс болуы үшін щеткаларды коллекторға басып тұратын серіппелердің қалыпты керіліп тұруының үлкен мақызы бар.
Серіппелердің щеткаларды қысуы кем болса, ұшқынның күшейетіні және коллектор пластинкаларының күйетіні белгілі. Жалғағыш белдікті бензин, керосин және май тиюден сақтау керек.
Кернеу реттегішін күту - кішкене якорьді тартып тұратын серіппенің керілуін реттеу, түйіспелерді тазарту (егер күйген болса) және түйіспелердің өзара қашықтығын реттеу болып табылады. Түйіспелер арасын

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: