төмендегідей ақаулар байқалады: сымдардың үзілуі және қысқа тұйықталуы, қысқыштарға баратын сымдар бекітуінің босауы, сымдар мен қысқыштар ұштығының майлануы және тотықтануы, аспаптың өзіндегі ақаулар.
Сымның үзілуін бақылау шамымен анықтайды. Бір сүңгіні машинаның "массасына", екіншісін - алма-кезек тізбек қысқышына тигізеді. Егер бір қысқышқа тигізгенде шам жанып, екіншісінде -- жанбаса, онда бұл сымда үзік болғаны.
Бір сымды жүйе сымдар санын азайтады, өткізгіштің бүкіл жүйесін оңайлатып, арзанға түсіреді. Алайда, ол изоляция жағдайында ұқыпты болуды талап етеді. Сымдардың изоляция тәртібін бұзған жағдайда, ондағы қысқа тұйықталу өрт қаупін тудырады.
Қысқа тұйықталу кезінде тізбекте изоляцияланған материалдың жанған иісі шығады және іске қосылған ток тұтынатын орындар жұмысы тоқтатылады. Бұл кезде амперметр нұсқары шегіне дейін ауытқып, разрядтануды көрсетеді.
Қысқа тұйықтау кезінде амперметр мен аккумулятор батареясы жылдам істен шығуы мүмкін. Қысқа тұйықталу кезінде, барлық ток тұтынатын орындарды шұғыл түрде қоректендіру кезінен ажырату керек.
Сақтандырғышы бар тізбектерде қысқа тұйықталу кезінде тізбек сақтандырғыштан ажыратылады. Ақауларды жойғаннан кейін ғана сактандырғышты қосуға болады. Сымның жалаңаштанған бөліктерін изоляцияланған лентамен орау қажет.
Май сигнализаторының датчигі корпустан, диафрагмадан, серіппе мен түйіспелі құрылғыдан тұрады. Мотордың майлау жүйесінің магистраліндегі қысым болмаған кезде, диафрагма серіппенің әсерінен түйіспелерден бері қарай иіледі де, шам жанады. Қалыпты май қысымы кезінде диафрагма қарама-қарсы жаққа иіледі, түйіспелер және сигнал шамы сөніп қалады.
Мотордың шамадан тыс қызуының авариялық сигнализаторы датчигі радиатордың жоғарғы багына орнатылған. Ол жез гильзадан ж
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>