Дуальды оқыту- кәсіби біліктіліктің шыны

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

мпанияларды да осы жүйеге назар аударуға шақырған еді. Осы орайда "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Ө. Шөкеев биыл елімізде кәсіптік-техникалық білім беру орындарына дуалды білім беру тәжірибесін енгізу үшін 50млн теңге бөлінгенін мәлімдеген. Сондай-ақ іріктеліп алынған 16 оқу орнында қыркүйектен бастап 400 бала 20 мамандық бойынша білім ала бастағанын хабарлаған. Бұл жүйенің мән-жайымен танысып, толықтай түсіну үшін елімізден бірнеше кәсіптік оқу орындарының оқытушылары Германияға барып, білімдерін ұштап та келді. Жаңа жүйенің пайдасы мол. Оны жұмыс беруші компаниялардың бәрі енгізуі қажет.
Алайда жеке меншік компаниялар бәрі бірдей келісе бермейді, сол үшін оларға жеңілдіктер жасаған дұрыс. Германияда жұмыс беруші орындар оқу орындармен байланыс орнатып, студенттерді оқытса, Үкімет тарапынан жеңілдіктер алады. Біздің елде де солай жасасақ жұмыс беруші компаниялардың дуалды жүйесі қызығушылықтарын арттырар едік. Германияда жұмыс берушілер оқу орындарымен заңды түрде жұмыс істейді. Мысалы, 9 сыныпты бітірген оқушы таңдаған оқу орнымен қатар, жұмыс орнын да сайлау керек. Ол жақта арнайы "Жұмысқа тұрғызу агенттігі" бар. Сол арқылы талапкер мамандығына сай жұмыс берушілерге жол тартпақ. Ал жұмыс орны келген баланы алдымен шеберлердің бірінің көмекшісі ретінде алады. Оған жұмыс орнының талаптары түсіндіріліп, ата-ана, оқу орны, жұмыс беруші фирма арасында 3 жақты келісім жасалады. Ол келісімде қанша жыл білім берілетіні, оның ішінде теория және тәжірибе күндері, студенттің алатын степендиясының құны жазылады. Яғни дуалды оқу жүйесі бойынша, студент аптаның күнінде өндірісте тәжірибе жинап, қалған 1-2 күнінде оқу орнында теориялық білім алмақ. Жұмыс берушілер оқу орындарымен бірлесіп жылда тапсырып отыратын аралық емтихандарды

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: