Дуальды оқыту- кәсіби біліктіліктің шыны

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ- КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТІҢ ШЫҢЫ
Еліміздегі заманға сай білім беру жүйесі - халыққа сапалы білім беріп, білікті маман даярлаудың бірден бірі жолы - елімізде дуалды оқыту жүйесін енгізу. Елбасы Н. Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында білім саласына айрықша басымдық берді. Оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда дуальды оқыту технологияларын енгізуді, осыған орай Үкіметке тиісті қабылдауды тапсырды. Дуальдық жүйе - маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі.
Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Елбасының "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы" атты бағдарламасында дуалды білім беру жүйесін енгізу қажеттілігіне баса мән беріліп отыр. Осының арқасында мемлекетімізде білім беру деңгейі жоғарылап, білікті мамандар қатары көбеймек. Теориялық біліммен қатар практикалық дайындыққа ие болатын білікті мамандар дайындау мәселесін шешуге бағытталған және кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінде сұранысқа ие болатын дуалды білім беру жүйесін енгізу қазіргі заман талабынан туындап отыр.
Әлемдік тәжірибеге қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді. Еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп-қонуы азаяды, әлеуметтік шиеленіске жол берілмейді. Білім берудің дуалды жүйесін енгізу үрдісі зерттеп, ой елегінен өткізуді және заңнамалық тұрғыда шешімдердің қабылдануын қажет ететін келелі мәселелер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: