тары жүргізіліп жатыр. Бүгінде дуалдық оқыту жүйесін қолдану тәжірибесі келесі артықшылықтарды айқындайды:
-дуалдық жүйе оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін- теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды;
-дуалды жүйенің механизмінде маманның жеке тұлғасына әсер ету, болашақ маманның жаңа психологиясын жасау жатыр. Оқушыларда білім алу мен дағдыға ие болуға үлкен мотивация туады, себебі олар білім сапасының жұмыс орнында қызметтік міндеттерін орындауына тікелей байланыстылығын сезінеді;
-жұмыс берушімен тығыз байланыста жұмыс жасаушы оқу орны болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескеріп отырады;
-жұмыс берушілер өздеріне мамандарды қамтамасыз ету мәселесін шешеді.
Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің-білім, ғылым, өндірістің-өзара байланысы мен әсерін, енгізілу тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттырады.
Дуалдық жүйе, өз мәнінде, білім беру мекемесі мен өндірісте қатар білім алуды білдіреді. Білім беру теория мен тәжірибенің байланысты приципіне негізделеді. Дуалдық жүйеде тараптардың қарым-қатынасы тепе-теңдік және әділдік принциптері негізінде құрылады. Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар оқыту нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар оқытудың мазмұнына, оның ұйымдастырылуына мүдделі. Білім алушылардың әлеуметтік кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті мамандық алуға, мемлекеттің кәсіби мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білімді мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына деген мақсаттары орындалады.
Бұл үшін ең
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>