t; қорына арқаулық кәсіпорындар тізімін белгілеп, дуалдық модельді бірте-бірте енгізудің жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл біздің жаңа индустрияландыру үшін кадрларды даярлауды жаңғыртуымызға жағдай жасайды"-деген болатын.
Елімізде 600 мыңнан астам адам техникалық және кәсіптік білім берумен қамтылған. Кәсіптік шеберлікті қамтамасыз етудің нақты жолы-жас мамандарды оқытып үйрету, жаңа мамандыққа бейімдеу болып табылады. Бұл мәселе жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы арқылы өріс алып келеді.
ҚР Президенті барлық отандық компанияларды дуалды білім беру жүйесіне атсалысуға шақырды. "Бүгінде бұл жүйе 60 елде жұмыс істеуде. Мен барлық қазақстандық компанияларды осы жүйемен шұғыл айналысуға, ал Үкіметке оны қадағалауды тапсырамын",-деді Елбасы.
Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған жүйені енгізген "Қазақмыс", "Кегок", "Самұрық-Қазына" сынды компанияларды атап өтті.
"Онда білім алушы өндірістегі тәлімгер болып табылады әрі оған жалақы тағайындалып, білім алады",- деген ҚР Президенті, сол жерден алған кәсібінің басқа мекемеде жұмыс істеуі барысында мол пайдасы тиетіндігін баса айтты.
Дуалдық оқытудың негізгі артықшылықтарына ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қаматамсыз ететінін жатқызуға болады, өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді. Оқыту өндіріс қажеттілігіне барынша жақын. Есте қалатыны, дуалдық оқытудың қатысушысы ең кіші компания болуы мүмкін. Екіншіден, білім алудың жоғары деңгейіне жетеді, болашақ қызметкердің психологиясы қалыптасады.
Осы орайда жасалынып жатқан колледждердің эксперименттік жұмысы базалық мекемелер тарапынан оң баға алынып, елімізде бұл жүйемен айналысу қажеттілігі мен артықшылығы дәлелденіп, дайындау мен енгізу жұмыс
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>