змұнын тез түсінуіне көмектесетінін айтады. (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап жаса. (ПК) Сөздерді дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығулар мен тыныс алу жаттығуларын үнемі қайталау керектігін педагог ескеріп отыруы керек. (Ұ, Ө) Артикуляциялық жаттығулар: "Сағат" - тілді жіңішкертіп оңға, солға жайлап қозғау. Осылай санап отырып 15 - 20 рет қайталау. "Саңырауқұлақ" - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып, төменгі жақты басып, ауызды кең ашу. "Алтыбақан" - жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға, біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10 - 15 рет қайталау. Тыныс алу жаттығулары. (Ұ) ойын: "Сөздерді дауыстап және ақырын айт". Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілін, есту қабілетін дамыту; сөздерді жылдамдығына, дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету; әрі жылдамдықпен, әрі дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру. Ойынның барысы: Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына бай- ланысты). Мысалы: с - з дыбыстарын салыстыру кезінде. (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 2-тапсырма. Жаңылтпашты әртүрлі екпінде қайталайды. Сыздық судан сүлік сүзді, Сыздықтың сүлік салмасын үзді. Жаңылтпашты ең алдымен сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады. Көптілділік: көңіл күй - настроение - mood сезім - чувство - feeling 3-тапсырма. Есте сақта! Адам өзінің көңіл күйін екпінмен сөйлеу арқылы білдіреді. (Ұ, Ө) Сөздік ойын: "Сиқырлы сөздер". Сөйлемді әртүрлі екпінде қайталайды. Бір тәрбиеленуші ортаға шығады, қалған тәрбиеленушілер бір- бірден әртүрлі екпінмен, әртүрлі көңіл күймен "Сәлеметсің бе, досым!" - деп айтады. Ортаға шыққан тәрбиеленуші сол балаға өзінің айтқан екпінінде "Сәлеметсің бе, дос
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>