Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

тай кезімізден біле бастаймыз. Ананың сүтіндей бойымызға сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын халықтан, мектептен, кітаптан, теледидардан үйренеміз.
Халықтың өмірі, ерлік істері, ұғымдары ана тілінде сақталады. Ана тілі атадан балаға ауысып отырады.
Ана тілін білмейтін адамды мәдениетті адам деуге болмайды.

"Ақжелкен" журналы

Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін. Қазақ тілін оқып жүргеніме үш жыл болды. Мені қазақ тілі қызықтырады. 2009 жылдан бері "Ақжелкен" журналын алып тұрамын. Маған сіздердің журналдарыңыз қатты ұнайды. Журналдың соңындағы сөзжұмбақтар мен жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқи отырып, өзім де құрастыра бастадым. Сізге хат жазу себебім, менің сөзжұмбақтарымды журналға басып шығарсаңыздар екен. Сіздердің жауаптарыңызды асыға күтемін.

Әкем жұмыс орны

Менің әкем Самат денсаулық саласының маманы. Оның мамандығы - дәрігер. Оған емханада жұмыс істеген ұнайды. Әкемнің жұмысы үйге жақын орналасқан. Екі айдан бері олардың ұжымы жаңа ғимаратқа көшті. Әкемнің жұмыста арнайы жеке бөлмесі бар. Онда жаңа компьютер, жаңа шкафтар, жаңа орындықтар тұр. Бөлменің іші кең әрі жарық екен. Менің әкем өз ісінің маманы. Мен әкемді мақтан тұтамын.

"Алматы"

Алатаудың етегіндегі әсем қала орналасқан. Ол Алматы қаласы. Әр Қазақстан азаматының арман қаласы. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш астанасы. Бұл қала апорт алмаларымен белгілі. Мұндай қала әлемде сирек кездеседі. Алматының табиғаты жылы, құнарлы. Ал халқы бауырмал, кең халық.
Алматы - ғылым, білім, өнер, мәдениет ордасы . Еліміздің саяхат орталықтарының бірі. Алматыда көрікті жерлер өте көп.

Бос уақытым

Мен бос уақытымда спортпен айналысқанды ұнатамын. Тәңертең міндетті түрде жаттығу жасаймын, жүгіремін. Таңғы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: