Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

қаласы. Біздің елде 130 ұлт тұрады. Қазақстанның табиғаты тамаша, жері кең бай. Биік тау, мөлдір көлдер, өсімдіктер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар бар. Қазақстан жерінде: мұнай, көмір, темір, алтын мол.
Бізде өзен , көлдер көп. Олар: Есіл, Тобыл, Шу, Нұра, Сырдария. Суы мол өзен - Ертіс. Ең үлкен көлдері - Балкаш, Алакөл. Ірі теңіздері - Каспий. Қазақстанда көптеген демалыс орындары бар. Шығыс Қазақстан табиғаты аса көркем. Жазда көп туристер, саяхатшылар келеді.

Күйші

Атақты күйші, композитор Дина Нұрпейісова 1861 жылы Орал облысы, Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмында дүниеге келген.
Динаның музыкаға деген зеректігі өте ерте байқалады. Ол жеті-сегіз жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында Құрманғазыны көреді.
Бұдан кейінгі жылдарда Дина өз заманының тамаша күйшілері Дәулеткерей, Түркеш, Ұзақ, Мәмен, Байжұмалардың күйлерін үйренді. Олардан тәлім-тәрбие алады. Өзі де күй шығара бастайды.
Құрманғазы, Дәулеткерей және басқа композиторлардың күйлерін біздің заманымызға жеткізгендердің бірі Дина болды. Динаның "Той бастар" , "Әсем қоңыр", "Жеңіс", "Бұлбұл" күйлері қазақ халқымен бірге жасайтын асыл қазына.

Бала Шоқан

Қыс ортасынан былай Шоқан орыс тіліндегі әдебиет кітаптарын құныға оқитын болып алды. Бірақ ондай кітаптар Шоқан қолына көп түсе бермейді. Әсіресе корпус кітапханасында әдебиет кітаптары жоқтың қасы. Ал аздаған кітаптар рота балаларының қолынан босамайды. Оның өзін де кезек күтіп, әрең дегенде қолдарына түсіреді. Осы кітаптардың әсерінен болар. Шоқан мен Григорийдің ізденгіш ойшыл мінездері өздерінің сыныптарындағы көп балаларға әсерін тигізіп, кітап оқу, ілім іздену балалар арасында жақсы өрістеді. Соның арқасында Шоқан бастаған сы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: