ауа таза,адамға өте пайдалы. Дене қимылы адамды шынықтырады. Қыста коньки және шаңғымен сырғанауға жиі барамын. Жазда Ертіс өзеніне суға түсіп, таза ауада демаламын. Футбол, волейбол тағы басқа спорттық жарыстарға да жиі қатысамын. Спорттық ойындардың барлық түрі ұнайды. Бос уақытымда інім екеуіміз шахмат та ойнаймыз.
Саябақта
Біздің қаланың шетінде үлкен саябақ бар. Өткен демалыста мен жұмыстағы достарыммен сонда бардым. Саябақтың дәл ортасында кішкентай көл бар. Біз көлде қайықпен серуендеп, суретке түстік. Көлдің айналасына орындықтар қойылған. Орындықтардың жанында түрлі гүлдер өсіп тұр. Саябаққа келушілердің көбі сонда демалып отыр. Бәріміз түстен кейін саябақ ішіндегі кинотеатрға кірдік. Кинотеатрдан шыққан соң саябақты аралап, қыдырып, әдемі жерлерге тағы да суретке түстік. Маған, әсіресе, саябақ ортасындағы көлдің көрінісі қатты ұнады.
Ауылым-алтын бесігім
"Ауыл" деген сөзді естіген де менің өн бойымда қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан ақ (май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран,шұбат, құрт т. б. ) мол. Ауылда менің әжем мен атам тұрады. Біз демалыста ауылға барып тұрамыз. Онда тұратын адамдар мал шаруашылығымен айналысады. Көктемде төрт түлік малдар төлдейді.
Қозы, лақ маңырап құлын-тай тебісіп, балалар оны қуалап, шуылдасып, жатады. Ауылда қаладағы сияқты сәулет өнері жақсы дамымаса да, ауылдың қаладан көркемділігі ерекше. Ол өзінің төрт түлік малдарымен, ауасының тазалығымен, көк майса шөбімен ерекшеленеді. Және жазық жерлер көп. Мен нағыз байлықтың бәрі ауылдан шығады деп ойлаймын.
"Қазақстан"
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран. Астанасы - Астана
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>