кемесі. Өйткені адам баласы шыр етіп өмірге келгенінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы-адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасы мүшелерінің жасы әртүрлі болса да, олардың арасында бір-біріне мейірімі бар. Отбасы - бір мемлекет. Әр мемлекеттік өзіне тән өндіріс мен өнімі , сыртқы және ішкі саясаты , бюджеті т. б болатыны сияқты, әр отбасының тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар.
Қазақ отбасынада өз баласын мейірімділікке, еңбекқорлыққа үйретіп өсірген. Үнемі отбасында осындай тәрбие көрген бала алғыр, адал, шыдамды, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана біріншіден баласына өздерін үйреткен. Сонымен қатар, балаларының жақсы адам болып , халқына еңбек етулерін басты міндет етін қойған.
Отбасы- құрмет, келісім бар кішкентай Отан . "Отан- басынан басталады"дегендей отанды сүю-отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы мектебі. Адамның жақсы адам болып өсуі отбасынан басталады. Ол ер жетіп өседі,бойына жақсы қасиеттер жинайды.
Отбасы-табиғат сыйлаған байлықтардың бірі. Жеке адамның бойындағы әдептілігін, ақылын, мейірімділігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы- алғашқы қадам. Отбасы- өте қажетті, еш нәрсемен өзгертуге болмайтын байлық. Отбасында алам бойындағы жақсы қасиеттер қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім- отбасын, туысқандарын жақсы көруден басталады. Сол себепті біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі деп білеміз. "Өз үйім - өлең төсегім" деген қазақ мақалында айтылғандай , өз үйің әрқашан жылы көрініп, жанға жақын болады. Сол үшін әр адам өз отбасын құрметтей білуі міндетті болып табылады.
Страницы: << < 22 | 23 | 24