сала алады. Жақында орталық мұражайда Бағланның суреттерінің көрмесі өтті. Сурет салу - үлкен өнер. Жеңгесі Айман - ақылды, тәрбиелі, үлгілі келін. Мамандығы - заңгер, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Қазір заңгер болып жұмыс істейді. Сіңлісі Шолпан - Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенті. Шолпанның оқу үлгерімі өте жақсы, Президенттік шәкіртақы иегері. Інісі Мәди - орта мектептің 11 сынып оқушысы. Досым Айнаш - білім беру мекемесінің қызметкері.
Айнаштың жанұясы өте тату тұрады. Өйткені жақын туыс адамдар сыйлас болады. Әкесі мен ағасының жалақылары жақсы. Жалақыларын уақытылы алады. Отбасының күнделікті шығыны мен жылдық шығынын үнемі әкесі мен ағасы есептейді. Олар ақшаларын банкте сақтайды. Отбасы мүшелері ақшаны есеппен жаратып, тиімді жұмсайды.
Айнаштың атасы мен әжесі Нұра ауданының Баршын ауылында тұрады. Атасы мен әжесі үнемі қаладағы немерелерін сағынып жүреді. Немерелері де ата-әжелерін қатты сағынады. Атасы мен әжесі ауылдан келген сайын немерелеріне бағалы сыйлықтар ала келеді. Тойға барса, қазақ халқының салты бойынша тойдан базарлық әкеледі. Атасы балалары мен немерелерін үлкенге - құрмет, кішіге - ізет көрсетуге тәрбиелейді.
Айнаштың жанұясы өте қонақжай. Үйіне келген қонақты төрге шығарып, сый-құрмет көрсетеді. Анасы - шебер аспазшы, ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды. Анасы келмей қалған сыйлы қонақтың сыбағасын сақтап қояды. Қазақта асқа үлкен кісі бата қайырады. Дастарханға ас қайыру - үлкен ізеттіліктің белгісі.
Биыл Айнаштың аға-жеңгесі банктен аз пайыздық мөлшермен несиеге пәтер алды.
Досымның жанұясы - үлгілі, қонақжай қазақ отбасыларының бірі.
Жоғары деңгейге арналған
диктанттар топтамасы
Қазақстан Республикасы
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 | 18 > >>