зақтың салты бойынша ең алдымен шай дастарханы жасалатынын, оның басты асы - бауырсақ екенін айттым. Қазақтың ұлттық тағамы - сыйлы қонақтарға берілетін қазақша ет туралы әңгімелеп бердім. Дастархан басында шетелдік әріптестерім қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы көп сұрады. "Жерұйық" мейрамханасында әзірленген халқымыздың ұлттық тағамдары, біздің елдің жылы ілтипаты, орындалып жатқан әсем әндер әріптестеріме қатты ұнады. Олар қазақ халқының қонақжайлылығына ерекше баға берді.
Бурабай
Бурабай - Қазақстан Республикасының Ақмола облысының аумағында орналасқан курорттық қорық аймағы. Қазақстандықтар және көптеген шет мемлекеттерден келген қонақтар оны жиі "Қазақстандық Швейцария", "Қазақстанның маржаны" деп атайды, бұл әрине Бурабай көлі ең әдемі бөлігі болып саналатын, оазис табиғатының әсемдiгi мен асқан көркемділігі үшін курортқа берілген жарқын және шынайы атау болып табылады.
Аймақтың ең биік шыңы - Көкшетау тауы, ол "көгiлдiр тау" деп аударылады. Одан оңтүстiкке қарай Бурабай (690 м. ) тауы орналасқан. Осы таудан аймақ жерлеріне өте керемет панорамалық көрініс ашылады. Одан оңтүстiкке қарай Щучинск шоқылары орналасқан, олардың iшiндегі ең iрiсі - Жеке-батыр, (826 м. ), ол "жалғыз жауынгер" деп аударылады.
Бақта 800 шамасында түрлі өсімдіктер өседі, әр өсімдік өз жекелігі мен тартымдылығымен ерекшеленеді, олардың iшiнен 95 - сирек кездесетіндер. Ағаш түрлерінен ең танымалы - қарағай.
Өлкенiң фаунасын 500 түрден астам жануарлар және құстар құрайды, олардың көбiсі Қызыл Кiтапқа енгiзiлген.
Таулар, қылқан жапырақты орман және көлдер тек жер ландшафтының қайталанбас әдемiлiгiн ғана емес, адамның организмының сауығуына мүмкiндiк туғызатын ерекше емдiк ауа райына да септігін ти
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>