Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>

/>
Қазақстан Республикасы - Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Оның жері 2 724,4 шаршы шақырым, халқы 16 миллион 441 мың 959 адам.
Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет. Бүгінгі күні елімізде 2 502 діни орталықтар бар. Елдегі басты діндер ислам және христиан діндері.
Қазақстан Республикасының елордасы - Астана, мемлекет басшысы - Н. Назарбаев. Жоғары үкіметтік органдары, Парламент бар, ол Сенат пен мәжілістен тұрады. Орындаушы билік - Үкімет. Ақшасы - теңге. Қазақстанда 14 облыс, 85 қала, 159 аудан, 195 ауыл, 2150 ауылдық орталық бар. Республика территориясы батыстағы Волга өзенінен шығыстағы Алтайға дейін үш мың шақырымға, солтүстіктегі Батыс-Сібір даласынан оңтүстіктегі Тянь-Шань тауына дейін мың шақырымға созылып жатыр.
Шекараның жалпы ұзындығы он бес мың шақырым. Батыс пен солтүстікте Қазақстан Ресеймен, оңтүстікте Түркменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, шығыста Қытаймен шектеседі. Жер көлемі бойынша Қазақстан дүние жүзінде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан мен Австралиядан кейін 9-орын алады.
1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы тәуелсіздігін алды.
Қазақстан - ядролық қарудан бас тартқан бірінші мемлекет.

Жақсы сөз - жарым ырыс

Тіл - тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар әрбір сөйлеушінің ақылы мен мәдениетінің көрсеткіші. Орынды қолданылған сөз ғана жүрекке жол табады. Ертеде бір патша болыпты. Бірде ол адам түс көріпті. Түсінде барлық тістері бір-бірлеп түсіп қалғанын көрген ол, ұйқыдан тұрысымен түс жорушыны шақыртады. Түсті тыңдаған жорушы: "Мен қайғылы хабар жеткізгелі тұрмын. Сіздің түсіңіздегі түсіп қалған тістеріңіз - туыстарыңыз ғой. Туыстарыңыз бір-бірлеп өледі екен" - депті. Сол кезде оны жазалауға тастатыпты. Келесі шақырылғ

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: