Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

іздің мекеме орналасқан он екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында үлкен асхана бар. Асхана бірінші қабаттың сол жақ бөлігін толық алып жатыр. Асхана кең, таза әрі жарық. Асүй тамақ әзірлеуге қажетті техникамен толық жабдықталған. Асхана аспаздары әзірлеген тамақтар да өте дәмді. Асханада ыстық тамақтан ет, қуырдақ, ботқа, сорпа, кеспе үнемі дайындалады. Балықтан, теңіз өнімдерінен дайындалған тағамдар да бар. Асханада түскі асқа арналған тамақтың бірнеше түрі бар. Сүт қосылған шай немесе көк шай алуыңызға болады. Сусынға жеміс шырындарын береді. Көкөністің көп түрінен жасалған салаттары да дәмді.

Құрбымның отбасы

Менің құрбымның есімі - Жадыра. Ол "Халық Банкінде" бас есепші болып жұмыс істейді. "Халық Банкінің" ғимараты Көкшетау қаласының орталығында орналасқан. Жадыра - есептеу бөлімінің қызметкері, банк қызметкерлерінің айлық есебін қабылдаумен айналысады. Ол қазақ тілін жетік біледі, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Жадыраның жұмысы ауыр. Бірақ Жадыра жұмысты жақсы істейді. Он бесінші желтоқсанда банкте жиналыс болды. Жиналыста банк басшысы баяндама жасады. Жадыра банк қызметкерлерінің айлық есебін қабылдап, банктің жылдық жоспарының жобасымен таныстырды. Банкте мұндай жиналыстар, конференциялар, мәжілістер жиі болып тұрады. Жиналыста Жадыра банк қызметкерлерін ресми құжаттармен таныстырып, өзінің жылдық жоспары туралы қосымша мәліметтер берді. Жиналыс соңында мекеме қызметкерлерін он алтыншы желтоқсан - Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Өзінің туыстарын да осы мерекемен құттықтап хат жолдады. Құрбыма жұмысы қатты ұнайды.

Менің жұмыс орным

Мен қаладағы үлкен кәсіпорынның кадр бөлімінде жұмыс істеймін. Біздің бөлім жеке екі бөлмеде орналасқан. Бөлім бастығы отыратын кішілеу кабинет және қызметке

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: